«Білім берудегі көшбасшылық» оқу курсы

Астана қаласында Ғылым және білім министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО-ның білім беру басшыларына арналған «Білім берудегі көшбасшылық» оқу курсы басталды. 
Курсқа университетіміздің проректорлары мен департамент басшылары қатысуда. 
Оқу курсында көшбасшылық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыру, білім беру көшбасшылығында жаңа технологияларды құру, болашаққа деген көзқарасты дамыту, нәтижеге назар аудара отырып, мәселелерді шешу, өзара қолдауды қамтамасыз ету бағыттары қаралуда.