Психологиялық тренинг: "Сенімділік, батылдық және қызмет"

«Сырдария» университетінде «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығында «Сенімділік, батылдық және қызмет» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: Адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып жастардың қайрат жігерін шыңдау.Психологиялық тренинг арқылы мазалап жүрген сұрақтарына кеңес беру. Тренингте рухани түрде медеу таппай жүрген жастарға психологиялық көмек көрсету.
Студенттердің өмірге жағымды көзқарастарын қалыптастырып, өз- өзін және өзгелерді құрметтеуге баулу, олардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту, студенттерді өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету. Студенттерді өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға, ойын ашық айтуға қалыптастыру.
 

Теги:

Оқиға категориялары