Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жастардың рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тәлімгерлік сағат өтілді.
Іс-шараға «Құқық және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Торебаева А.С., «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Асилбаева А.П., «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Таштауова Ж.Х., «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының маманы» Конарбаева Н.Б. қатысты.
«Құқық және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Торебаева А.С. өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық ұғымының мәні мен мазмұны, алдын алу жолдары, оның түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтып өтті. 
Тәлімгерлік сағат барысында барысында тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие мәселелері қарастырылды. «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Таштауова Ж.Х., сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы білім мен тәрбиенің маңызы және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері жайлы ойымен бөлісті.