БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ

Әрине, шәкіртінің озық болғаны, білімділік, біліктілік дәрежесін көрсеткені ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі деуімізге болады. Осы орайда, «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 4 сәуір күндері аралығында Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының мектептерінде 10 апталық кәсіби педагогикалық, өндірістік іс-тәжірибедан өтіп қайтты.
Іс-тәжірибе барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері оқушыларға дәстүрлі және онлайн режимінде сабақ өтуде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын тиімді пайдаланып, өздерінің мұғалімдік қабілеттерін жақсы деңгейде көрсете білді. Білім берумен қатар, студенттеріміз оқушыларға тәрбиелік мәні бар түрлі тақырыптарда («Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев», «Ананың аялы алақаны», «Наурыз – жыл басы», т.б.) Ашық тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізді.
Сонымен қатар, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының машықтанушысы мектеп кітапханасында жүйелік каталогтармен, оқушылардың абонементімен жұмыстар жасауды үйреніп, этнографиялық, түрлі салалық кітаптармен, кітап ӘОЖ-сі (УДК) бойынша жұмыстармен айналысты.
Студенттеріміздің білімділігіне, өнерлілігіне, алғырлығына, мектеп ұжымы мен оқушылармен жақсы қарым-қатынастығына ризашылық білдіріліп, мектеп басшылығы атынан іс-тәжірибе жетекшілері ғылым магистрі, аға оқытушылар А.Ж.Байболова, С.Б.Батырханова мен барлық студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

Мұратбек НҰРБЕК, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD)
 

Теги: