«Қазақ зиялыларының тарихи тағылымы» атты ашық тәрбие сабағы
- 1 view
«Филология және гуманитарлық білім» факультеті «Білім беру технологиялары» кафедрасына қарасты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының модернизация жетекшісі, п.ғ.к., доцент Кокумбаева Торғай Игенқызының басшылығымен 1 және 2 курс студенттері «Қазақ зиялыларының тарихи тағылымы» атты тақырыптағы ашық тәрбие сабағын өтті.
Сабақтың мақсаты - қазақ елінің тәуелсіздігі, береке-бірлігі мен болашағы жолында ерен еңбек сіңірген ұлт зиялыларының тарихи қызметі мен еңбектерін, нақыл сөздерін оқып үйреніп насихаттау арқылы студент жастардың бойында отаншылдық, патриоттық сезімді дамыту болып табылады.
Сабақта студенттер үш топқа бөлінді. Олар: 1. «Тәрбие» тобы; 2. «Білім» тобы; 3. «Тарих» тобы. «Тәрбие» тобы - ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың үш пайғамбарындай болған - Ұлы жүз биі Төле би Әлібекұлының, Орта жүз биі - Қазыбек би Келдібекұлының, Кіші жүз биі - Әйтеке би Бәйбекұлының, «Білім» тобы – қазақтың бес арысы – Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, ал «Тарих» тобы - қазақтың үш бәйтерегі - Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың және Бейімбет Майлиннің өмір жолдары мен шығармашылық мұраларын ашып көрсетті.
Сабақтың негізгі бөлімі де үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде аталған тұлғалардың артына қалдырған тағдыршешті нақыл сөздері талданды. Әр топ өздеріне бекітілген тұлғалардың кейінгі ұрпаққа қалдырған тәрбиелік, тағылымдық сөздерін талқылады. Екінші кезеңде студенттер аталған тұлғалардың өмірлері мен артына қалдырған мұраларының маңызды жақтарын ашып көрсетті. Ал үшінші кезеңде әр топ өздеріне бекітілген тұлғалар өмірі бойынша құрастырған сөзжұмбақтарын жасырып, оны өзге студенттер шешті. Сабақ соңында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан мысалдар келтірілді. Қорыта айтқанда, сабақ өз мақсатына жетті деп баға беруге болады. Сабақтың студенттерге берген тәрбиелік-тағылымдық мәні терең болып, оған қатысқан қонақтар, оқытушы-ұстаздар мен студент-жастарға рухани ләззат сыйлады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет