Кәсіби шебер сынып

07.12.2023 күні “Бастауыш білім және өнер” факультетінде кәсіби шебер сынып болып өтті. "Өнер және саз" кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қаласының шығармашылық индустрия қауымдастығының төрайымы Байтелиева Жанна Елтановна 6B01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В02101-Дизайн,6В02111-Сән индустриясы білім беру бағдарламаларының студенттеріне "Бренд құру және оның ауқымдылығы" атты шебер-сынып өткізді.
Аталған шебер-сынып "Креативті индустрия қауымдастығы" ұйымдастыратын түрлі жәрмеңкелер, ақпараттық журналдар, "Made in Shymkent" шоу-рум, Шымкент эко-жобасы, "Жас ұрпаққа шығармашылық пен бизнес саласын үйрету" тақырыптарын қамтыды.
Ж.А.Ташенев университетінде "Сән жане Дизайн" саласында кәсіпкерлермен бірігіп, Стартап-жобаларды құру және сүйемелдеу мақсатында "Бизнес-инкубатордың" жұмыс жасап жаткандығын айтып өтті.