Кәсіптік практикасының қорытынды конференциясы

«Сырдария» университетінде 4-курс студенттерінің қорытынды конференциясы өтті. Университет ректоры, PhD Бақыт Салманұлы қорытынды конференцияны ашып, факультет деңгейінде практиканы нәтижесін қорғаған студенттерді арнайы құрылған комиссия шешімі бойынша 3 факультеттен жеңімпаз атанған 8 студентке диплом табыстады.
«Болашақ үздік мұғалім»номинациямен «Шетел тілі: екі шетел тілі»білім беру бағдарламасының студенті Жансая Алайдарқызы, «Үздік ашық сабақ жоспары» номинациямен «Химия-биология» білім беру бағдарламасының студенті Арайлым Сәрсенбайқызы, «Үздік тәрбие сағат сценариі» номинациямен «Қазақ тілі мен әдебиеті»білім беру бағдарламасының студенті Қарсақбай Нұрсауле, «Үздік педагог-психолог» номинациямен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенті Диана Еркінбекқызы, «Үздік жаңашыл мұғалім» номинациямен «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті Жансулу Жарқынқызы, «Үздік жаңашыл мұғалім» номинациямен «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының студенті Қойшыбаева Динара, «Үздік әдебиеттанушы» номинациямен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Айдана Раманзанқызы, «Үздік презентазация номинациямен «Биология» білім беру бағдарламасының студенті Аружан Орынтайқызын марапатталды.
Кәсіптік практикада қолданған көрнекі құралдары т.б. материалдарымен көрме әзірлеп топ студентері қорғады.
Нәтижесін университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, PhD Перизат Аділбекқызы 3-орын бойынша диплом табыстады: 1-орын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 2-орын «Математика», «Физика», 3-орын «Информатика», «География» білім беру бағдардамалары.
Практика базаларындағы жетекші мамандар мен басшылары біздің студенттердің кәсіптік практика кезіндегі жұмыстарына өз бағаларын мен изгі тілектерін білдіріп, болашақта керемет, жаңашыл маман болатындарына сенім білдірді. Мысалы: Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы КММ-нің тәрбие істері жөніндегі директордың орынбасары Шоқан Сәкенұлы, оқу-істері жөніндегі директордың орынбасары Бексұлтан Қалдыбаевич. М.Горький атындағы №2 мектеп-гимназиясы КММ-нің директордың әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Мерейлі Сапабековна.