Тəрбие сағат "Ел - ертеңі - бүгінгі жас ұландар"

Бүгін "Сырдария университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушысы ғ.м. Адамбекова М.Т. 1-курс студенттеірмен "7-мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай "Ел - ертеңі - бүгінгі жас ұландар" тақырыбында тəрбие сағат өткізді!

Мақсаты - Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рəміздерін қастерлеуге, туған еліне сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тəрбиелеу.

Сабақ барысында студенттерге Отан туралы, туған жер жайлы мақал мəтелдер айту жарысы тапсырылды. Рəміздеріміздің шығу тарихы жайлы дəріптелді жəне білім алушылар Əке, аға, ұстаздарды құттықтады.Оқытушы Адамбекова М.Т. Отанымызды қорғап, еліміздің туын көкке желбіретіп батыл ер азамат болу жас ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда деп қорытындылады.