Елбасы саясаты "Жаңа әлем жастары" назарында
- 1 view
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуындағы саяси бағытынан, Жолдаулары мен бастамаларынан туындаған ортақ міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау және қолдау мақсатында "Сырдария" университеті екі күн бойы "Жаңа әлем жастары" атты І Республикалық форумның үлкен алаңына айналды.
"Сырдария" университетінің 20 жылдығына орай еліміздегі ЖОО студент жастарының өзара байланысын нығайтып, тәжірибе алмасу, бірлесе жобалар дайындап, олардың жүзеге асуына ықпал етуде республика көлеміндегі оқу орындарынан жастар ісі жөніндегі комитет басшылары пікірсайысшылары бас қосты.
Шараны ұйымдастыруға Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С. Тленчиева, Жастар бөлімінің басшысы М.Сәрсенбаев, Жас отан жастар қанатының белсенді мүшесі М.Бектеміс, университеттің студенттік декандары ұйытқы болды.
Форумға келген 20-ға жуық қатысушы алғашқы күні университетті аралап, студенттермен, профессор-оқытушылармен кездесті. Университет базасындағы кітапхана, мұражай, зерттеу орталықтарын көріп, "Өнер" факультеті студенттерінің "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік" атты мерекелік кешіне куә болды.
Университеттің виртуалды кітапханасында өткен форумның ашылу салтанатында ректор, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков сөз сөйлеп, алғашқы бастамамен құттықтады. Сонымен бірге талапшыл, мақсатшыл жастарға күш-жігерлерініңіз арта берсін деген тілек білдіріп, алдағы уақытта бұл шара тоқтап қалмай, жалғасын табатынына сенім білдірді.
Басқосудың бағдарламасына орай өзге ЖОО-дан келген қатысушылар мінбер тізгінін алып, алдымен "Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, оқу орнын алғаш көргеннен кейінгі әсерлерімен бөлісті.
Бағдарлама жоспарына орай шараның ашылуы пікір алмасу алаңына ұласты. 4 сессиядан тұратын отырыста "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру", "Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы", "Үш тұғырлы тіл – жастардың жарқын болашағы", "Жаңа әлемдегі жастар келбеті" тақырыбыптары сөз болды.
Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы мәселелерді сөз етіп, елдің даму перспективасын талқылаған зияткерлердің пікір алмасуы форумның мәнін аша түсті. Осылайша, белсенді студент жастар жаңа технологияларды енгізу, қаржылық сауаттылық, мемлекеттік жастар саясаты, әлеуметтік-инновациялық жобаларда және орта білім беру мекемелеріндегі өзін-өзі басқару органдарында жастардың қатысуы сияқты тақырыптарда өздерінің пікірлерін ортаға салды.
"Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы" Үндеуінде көтерілген әлеуметтік жобалар, баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсету - жастарға жасалған алғышарттың бірі. Жыл сайын жастарға жасалып отыратын зор мүмкіндіктер студенттердің пікір алмасуын жандандыра түсті.
Мемлекеттік тілді – дамытамыз, орыс тілін – қолдаймыз, ағылшын тілін – үйренеміз деген белсенді жастар Елбасының 2006 жылғы "Үш тұғырлы тіл" туралы идеясын іске асырудағы "Үш тұғырлы тіл – жастардың жарқын болашағы" тақырыбын сессия отырысының негізгі тақырыбы етіп алды. Осы бағытта орын алып жатқан бастамалар жөнінде дәйектер келтіріп, пікір алмасу алаңын жандандыра түсті.
"Жаңа әлемдегі жастар келбеті" тақырыбы қазу талқыға түскен төртінші сессия отырысы да жастардың жалынды көзқарастарының алаңын қыздыра түсті.
Елбасы саясатындағы басымдықтарды талқылаған жастарға "Қазақстан" студенттер сарайында заманауи кино көрсетілді.
Форумның екінші күні галафорумға ұласты. "Қазақстан" студенттер сарайында өткен галафорумға университет басшылығы, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Оқу орнының 20 жылдық мерейтойына байланысты видеоролик көрсетілді. Форумда өзге ЖОО-дан келген студент жастар баяндама жасап, өз алғыстарын білдірді. Еуразия Ұлттық университеті Жастар саясатының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы:
"Ең алдымен, сөздің алдында "Сырдария" университетінің 20 жылдығымен барша студенттерді, оқытушыларды шын жүректен құттықтаймын. Кеше өткен "Жаңа әлем Жастары" І Республикалық форумы өте жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Форумда Елбасымыздың "Бес әлеуметтік бастамасы", "Рухани жаңғыру", "Үш тұғырлы тіл", "Жаңа әлемдегі жастар келбеті" атты керемет тақырыпта, үлкен жобада, сессияда әңгімелер қозғалған болатын. Бұл деген, Еласымыздың жастарға деген көрегенді саясатының арқасында жастар арасында әлеуметтік жобалардың үлкен деңгейде өтетініне нық сенімдіміз. Сонымен қатар, осы жобаның арқасында екі университеттің арасындағы жастар бір-бірімен достық қарым-қатынаста тәжірибе алмасып, үлкен жобаның дүниеге келуіне өз септігін тигізді деген ойдамыз.
І Республикалық форум өз жалғасын табады деген үміттеміз. Келесі кезекте Астана қаласында өтетін форумда "Сырдария" университетінің және өзге де оқу орындарының белсенді жастарын күтетін боламыз", - дей келе шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына белсене ат салысқан Бектеміс Мейірханды университет проректоры Д.Хамзабекұлының Алғыс хатымен марапаттады.
ОҚПУ-дың студенттік ректоры Арғынбай Рахат сөз кезегінде:
"Жаным жомарт, жер жәннаты Жетісайдың ұландары, Армысыздар! Жалпы, осы күнге дейін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі 42 жоғары оқу орнында қонақта болыппын. Әрқайсысына келудегі мақсатым болады. Түрлі мақсаттарда келемін. Бірінде орын аламын, бірінде сол аймақта атымның нүктесін қойым кету үшін, біріне тәжірибе алмасу үшін, ал бүгінгі келудегі негізгі мақсатымның бірі - достық үшін. Және соған лайық құрметке бөленіп, сый-сияпат алудамыз. Расымен үлкен дайындық, үлкен қонақжайлылық. Бұл бізге көрсетіліп жатқан қонақжайлылық Шымкентте де, біздің оқу орнымызда да "Сырдария" университеті студенттерінің абыройының әрдайым жоғары болатындығының негізгі себебі, ағайын.
... Ал бүгінгі біздің, сіздердің, сырдариялықтардың Қазақстан тарихында салған ізі мәңгі қалмақ. Себебі бұл – республикадағы тұңғыш жастар форумы. Осы форумды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.
Қара суда қаймақ болмайды, қас шеберде оймақ болмайды. Ал оймақсыз-ақ дүйім жұртты таң қалдырып, артынан халық ердіре алу үшін тағы да талап, тәрбие, білім керек. Ал бүгінгі таңда талапты, білімді, тәрбиелі болу үшін Гарвардта оқып, Оксфордтың дипломын алып, Кембриджде диссертация қорғауға міндетті емессіздер. Себебі, "Сырдарияда" жасалған жағдай көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа мен мұндалап көрініп-ақ тұр", - деп өз ойын сабақтады.
Жас Отан жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы төрайымының орынбасары Лесбек Айкөркем форум жайлы өз пікірін білдіріп, оқу орнының ұжымын, студент жастарын мерейтоймен құттықтады.
ОҚМПУ-дың студенттік ректоры Сырлыбаева Надира Талғатқызы: "Сіздерді "Сырдария" университетінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Жалпы, кешегі форум жоғары деңгейде өтті. Мен өзім Жетісайдағы "Сырдария" университетіне бірінші рет келіп отырмын. Шынымды айтсам, университет мұндай жоғары деңгейде деп ойламаппын. Сіздерде барлық жағдай жасалғандықтан, сабақ оқудан басқа мәселе жоқ деп ойлаймын.
Жалпы, мен қатысқан сессия ол – "Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы". Тақырыпты ашып айтатын болсам, мемлекет басшысы Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде дамуы керек деген болатын. Өздеріңіз байқап қарасаңыздар, қазір Қазақстан халқын, жалпы, бізді шет елге таныту үшін ағылшын тілін міндетті түрде білу керек. Өйткені, білім де, ғылым да, экономика да, біз пайдаланатын ақпарат құралдарының көп бөлігі ағылшын тілінде. Қазақ тілін дамыту керек екенін білеміз, алайда ағылшын тілін үйренсек, қазақ тілі жойылып кетеді деген қорқыныш барын байқадық.
Білесіздер ме, балаға бастауыш сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету саясаты енгізіліп отыр. Егер бастауыш сыныптан бастап балаға ағылшын тілін үйрететін болсақ, оған ешқандай қорқыныш жоқ деп ойлаймын. Өйткені баланың үйі, қоршаған ортасы, араласатын адамдары – қазақтар. Олар қазақ тілін ұмытып, мәңгүрт болып кетеді деген қорқыныш болмау керек. Бастауыш сыныптан бастап базалық білім алатын болса, оқу бітіргенше кәсіби тілде сөйлеп, алпауыт мемлекеттерге оқуға түсіп, білім гранттарын жеңіп алуға үлкен мүмкіндіктер береді", - деп өзіндік пікірлерімен бөлісті.
Айтулы шараға келген қатысушыларды Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева құттықтап, алдағы мақсаттарына сәттілік тіледі. Факультет декандары қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттады. Форум алдағы уақытта Астана қаласында жалғасын табады.
Мерейтой аясында ұйымдасырылған іс-шара жастарға қанат бітіріп, үлкен жобаларға белсене қатысатынына үлкен септігін тигізері анық.
Сейлиханова НАҒИМА,
"Сырдария" университетінің баспасөз хатшысы.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет