АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ

АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ – атты тәрбиелік іс шара Диз-18 тобында болып өтті. 
Мақсаты: Студенттерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.

«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді.

Топ студенттері тәрбие сағатында ғұлама ақындар Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш», М.Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» М.Шахановтың «Төрт ана» Төлеген Айбергенов - «Ана», Жұмекен Нәжімеденов «Ана», Қадыр Мырза Әлі «Ана» атты өлеңдері оқылды.

Тәрбие сағаты арқылы жастар анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді алды.

Университемізде каншама асыл ұстаз аналар еңбек етіп келеді. Атап айтар болсақ Есенкүл Сейілқызы, Ләззат Усманқызы, Торғай Игенқызы, Зәуре Құрбанбайқызы, Сәбира Нұрбайқызы, Махаббат Михтибайқызы,Кулайна Әліқұлқызы, Гулнар Есенқызы, Улданай Әлібекқызы. Ұстаз-аналарға мың алғыс. 

Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылдықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар, аяулы аналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!