Шеберлік дәріс

Білімгерлердің  ізденуге деген  қабілеттерін  жетілдіру  мен  оқуға  құштарлығын  ояту  мақсатында  «IT, экономика  және құқық»  факультеті, «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастырылуымен  «Кәсіби  даму» күніне орай «IT маманның қоғамдағы рөлі» тақырыбында  шеберлік дәрісін  өткізеді.
Дәріске «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент С.Б.Ботаева., кафедра оқытушылары мен 1-2 курс студенттері қатысты.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары, жоғары білім саласындағы жаңашыл жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы-2017» медалімен марапатталып, ҚР 2019 жылғы Ұлттық бизнес рейтингісінің «Ұжым мақтанышы» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  Алғыс хатымен марапатталған Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету» кафедрасының доценті   PhD   Жұматаев   Нұрлыбек   Срайылұлына алғысымызды білдіреміз. Бұл игі іс дәстүр жалғасын табады деп сенеміз.