Дөңгелек үстел

     «Орталық Азия кеңестік республикалардың межеленгеніне - 100 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел
 Бүгін 2024 жылдың 1 қарашасында сағат 11.00 - де Түркістан облысының саяси-қоғамдық тарихының архиві КММ-нің мекемесінде «Орталық Азия кеңестік республикалардың межеленгеніне - 100 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты – 1924 жылы Орта Азияда жүзеге асырылған ұлттық-мемлекеттік межелеу нәтижесінде қазақ жерінің бір республиканың құрамында тұтастану тарихын архивтер қорларындағы анықталған тың, тарихи деректер мен құжаттардың негізінде талқылау, баяндау. 
     Дөңгелек үстелге жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Тарих және педагогика» факультетінің студенттері, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тарихшы мамандарымен қатар, Ж.А.Тәшенов атындағы университеті, тарих-география кафедрасының аға оқытушылары Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы, Дүйсенбек Салтанат Жаңабергенқызы, ЕП-22-4к тобының студенттері мен Түркістан облысының мемлекеттік архивінің мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Ж.А.Тәшенов атындағы университеті, тарих-география кафедрасының аға оқытушысы Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы – «1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-территориялық межелеу саясатын жүргізудегі С.Қожановтың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға межелеу саясаты жайлы өз ойымен бөлісті. 
     Іс-шара соңында мекеме басшысы Шардарбекова Гүлнара Сәдібекқызы мазмұны терең іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
 

Оқиға категориялары