TASHENEV UNIVERSITY – БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің студенттері үшін салтанатты БІЛІМ КҮНІ шарасы өтті.
Ж.Тәшенев университеті – техникалық мамандықтарға ғана емес, гуманитарлық мамандықтарға да басымдық беріп, заман талабы инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыруды қолға алып, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, техникалық ауыл шаруашылығы, сервистік және ветеринария салаларында білім береді.
Университетте 35 бакалавр, 10 магистратура мамандықтарынан бөлек, толық ағылшын тілінде өтілетін «Бизнес әкімшілігі» мен «Басқарудың ақпараттық жүйелері» мамандықтары ашылып жатыр. Алдағы уақытта шетелдік профессор-оқытушылар сабақ беріп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шет мемлекеттерге жіберу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Коворкинг орталығы мен Студенттер Үйі ашылды.
Биылғы жылы оқу ордасында 9411 студент білім алса, 4268 түлек маман атанды. Сондай-ақ, магистратура мамандықтарында – 1031 білім алса, 811-і магистр атанды.
2024 жылғы қабылдау нәтижесінде университетімізге 20 Алтын белгі, 50 Үздік аттестат, 8 Елбасы медалі, 14 Халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары және 12 IELTS сертификаттарын иеленген оқу озаттары таңдау жасап, студент қатарына қабылданды.
Мемлекеттік грант нәтижесінде - 96, «Тәшенев тартуы» бойынша - 150 , «Қазақстан Халқына» Қоры бойынша – 5, Қала әкімінің грантын – 49 студент иеленді.
Биылғы оқу жылында  Ж.А.Тәшенев университеті Филология факультетінің 1 курстарынан 72-сі грант иегері атанды.  "Тәшенев тартуы" атты университеттің гранты бөлінген болатын. Білім күні университет басшылығы грант иегерлеріне салтанатты түрде табыстап, білім алушыларды қуанышқа бөледі. Білім күні жоғары деңгейде атап өтілді.

Салтанатты шараға Ж.Тәшенев Акционерлік Қоғамының басқарма басшысы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Аяшев Оңалбай Аяшұлы, Шымкент қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы - Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы, Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор - Байболов Қанат Сейтжанұлы және арнайы қонақтар мен студенттер, ата-аналар қатысты.
Мерекелік кеште грант иегерлеріне арнайы сертификат табысталып, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар тарапы болашақ студенттерге жылы лебіздерін білдірді.