Дөңгелек үстел

01.03.2024 жылы "Томирис" қыздар клубының ұйымдастаыруымен "Іскер әйел келбеті" тақырыбында 1 курс   Пик 23-5к2, 3 студенттерімен дөңгелек үстел өтті. Кездесу қонақтары: Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ағабекқызы Эльнора, Сөйлеу өнері маманы Гулжанат Битан, ойлау мен стратегия бойынша коуч Айдана Амангелдіқызы, "Ayala" мүмкіндігі шектеулі баларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы төрайымы Байымбетова Райхангүл. 
Өзінің адал еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен ханымдардың өзара пікір алмасуына жағдай жасау, іскер әйелдердің имиджін көтеру, кәсіпкерлік саласындағы табысты әйелдің образын қалыптастыру арқылы жас-қыз келіншектерді кәсіпкерлік саласына тарту – іс-шараның негізгі мақсаты болды.
Кездесу барысында студенттер іскер әйелдерге өз сұрақтарын қойды. Қалай жұмыспен отбасын қатар алып жүру сияқты тақырыптарда қонақтар өз тәжірибесімен бөлісті.