Қазақ еліне мың тағзым!

Бүгін оқу орнында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы 14 қаңтардағы Жарлығымен бектілген "1 наурыз – Алғыс айту күні" мерекесіне орай іс-шара болып өтті.

Меркелік іс-шарада университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы К.Ә.Исаева сөз сөйлеп, бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Университетте білім алып жатқан өзге ұлт студенттері қазақ еліне алғысын білдірді. Іс-шара барысында студенттер ән айтып, математика мамандығының 4 курс студенті Б.Қадырқұлов поэзия әлемінің ақиық ақыны М.Мақатаевтың жыр жолдарынан үзінділер оқыды.