Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхана қорының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Алғыс хат

"Сырдария" университеті 2019 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхана қорының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды.

Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапханасының "Ең танымал ресурстар" рейтингісінің нәтижесі мен еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі және жоғары оқу орындарына арналған заманауи оқу-әдістемелік әдебиеттерін жазудағы ерен еңбегі үшін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Мақтарал ауданының, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысының "Құрметті азаматы", педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Аяшев Оңалбай Аяшұлы мен "Сырдария" университетінің ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Дошманов Ескендір Қиятұлы марапатталды.

Бұл ғалымдардың электрондық ресурстары сайтта үлкен сұранысқа ие болды.