Құттықтаймыз

«Филология» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы  (PhD),  Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы аудандық және облыстық тіл мәселелері жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі мен мерейін арттыру жолында атқарып жүрген еңбегі үшін  Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сүлейменұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Тіл жанашырларына көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласына ризашылық білдіреміз! Мұратбек Анарбайұлын құттықтай отырып, тұғыры биік туған тіліміздің құдыретін танытып, қасиетін қастерлеуде шығармашылық табыс тілейміз!