Халықаралық онлайн конференция жеңімпазы

«Дизайн және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Серік Жандос Шымкент қаласы Мирас университетінде өткен студенттердің, студенттік халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияда «Оқушылардың көркем дүниетанымын пейзаждық кескіндеме жанры арқылы дамыту» атты мақаласы III-ші дәрежелі дипломға ие болды.
Онлайн-конференцияға шетелдік Халықаралық қатынастар ақпараттық-технологиялар университеті (Санкт-Петербург), Андижан мемлекеттік университеті, Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университеті, Қырғыз-Өзбек университеті (Ош қаласы), сонымен қатар отандық 17 жоғары оқу орнынан 809 студент қатысты.
Жеңімпаз студентіміз Серік Жандосты ғылыми жетістігімен құттықтаймыз.
 

Оқиға категориялары