"Сырдария" университеті - талантты студенттерге бай
- 1 view
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы және Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік қарлығаштары" атты жас ақын-жазушылар мен журналистер арасындағы шығармашылық байқауына "Сырдария" университеті, "Филология және гуманитарлық білім" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Қадір Айман "Мырзашөлдегі білім ордасы - Тәуелсіздік тартуы" атты шығармасымен қатысты. Студентіміз Қадір Айман публицистика жанры бойынша талантымен дараланып, Диплом және ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Университет ұжымы мен "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамын талантты студенттерінің жетістігімен құттықтаймын!