"Үздік оқытушы" төсбелгісінің иегері

Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы 5В010600 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мамадияр Мұстафаәли 2021 жылдың 25 мамыр күні бүлдіршіндер, оқушылар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ерлігі елге мұра» шығармашылық байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін «Атадан – мұра» қоғамдық қорының «Үздік оқытушы» төсбелгісімен және алғыс дипломымен марапатталды. Студентіміз Мамадияр Мұстафаәлидің шәкірт тәрбиелеудегі бұл жетістігі «Сырдария» университеті мен «Өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы үшін үлкен мәртебе. «Дизайн және өнер» факультеті мен «Өнер» кафедрасының профессор-оқытушылары Мамадияр Мұстафаәлиге шығармашылық табыс пен биік белестегі жетістіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреді.