Республикалық олимпиадада 1 орын

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 сәуірінде қазақ тілі пәнінен «Ұлы дала тілі-мәңгілік ел тұғыры» атты Республикалық зияткерлік-танымдық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: ҚР ЖОО-дағы өзге ұлт студенттерінің мемлекеттік тілді білумен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды тану деңгейін көтеру.
Пәндік олимпиада: теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша өтті.
Олимпиадаға 40-қа жуық ЖОО студенттері қатысты.
Ж.А. Тәшенев университетінен қатысушы 6В04103-«Экономика» БББ 2-курс студенті Мацукова Дарья Николаевна 1-орынды жеңіп алып, 1-дәрежелі дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Олимпиадаға дайындаған жетекшісі: Тілдер және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымларының кандидаты Ақкөзов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы.