Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі
- 1 view
Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы мен студент-жастар!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады.
Бүкіл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйім халық, мұқым ел ауызбіршілікте болады.
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы сөгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен,
университет ректоры Бақыт Токмурзаев!