«Күзгі түстер мерекесі» атты байқауының жеңімпаздары

«Спорт және өнер» факультетінің 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы студенті Жуланов Файзиддин және 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасы студенті Акбарова Айжан Алматы қаласы Халықаралық қашықтықтан білім беру орталығы ұйымдастыруымен «Күзгі түстер мерекесі» атты қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқауға қатысты. 
Акбарова Айжанның Батик техникасында, Кескіндемеден пейзаж «Күз», Жуланов Файзиддин Кескіндемеден пейзаж «Алтын күз» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланып студенттеріміз I- дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Студенттерімізді жетістігімен құттықтаймыз шығармашылық табыстар тілейміз.