Авторлық куәлік иегері атанды!

Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. - Абенова  Ләззат  Усманқызының «Сөзбен сомдалған шындық» атты жазушының шығармашылық шеберлігін танытатын және «Abaitanu»  атты  ағылшын тілінде шыққан электронды оқулықтары ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізіліп, Авторлық  куәлікке ие болды. 
Электронды оқулықтар 6В01701-«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұгалімдерін  даярлау»,   7М01701-«Қазақ  тілі  мен әдебиеті  педагогтарын  даярлау»,  6В01702-«Шет тілі:  екі  шет тілі  мұғалімдерін  даярлау» білім  беру  бағдарламаларын  оқу-әдістемелік әдебиеттермен  қамтамасыз  ету  мақсатында  әзірленген. 
Абай ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды, ақын шығармашылығының бірден-бір құндылығы да - осында. Қазіргі таңда ақын өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің,  Абай  ойларын жастардың бойына сіңірудің тура жолын іздестіру – ең өзекті мәселе. Абай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, кейінгі ұрпаққа өнеге-білім бермек үшін жазды.  Абайтану пәнін  «Шет тілі:  екі  шет тілі  мұғалімдерін  даярлау» білім  беру  бағдарламаларында   сол тілде оқытудың  өзектілігі де осыған келіп саяды.  
Әріптесімізге шығармашылық шалқар шабыт тілей отырып, қаламынан қарым, қабілетінен дарын айнымауын тілейміз!

Сілтемелер:
💾 "Abaitanu" - https://cloud.mail.ru/public/ihf6/K3gjFmgHs

💾 "Сөзбен сомдалған шындық" - https://cloud.mail.ru/public/WYSU/XFNRWZXrv