«Жылдың үздік педагогы» біздің Университетте!

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен «Білім - өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткен жылдың соңғы күндерінде «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ» атты республикалық байқау ұйымдастырды. Байқаудың шарты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау болатын. Республикалық байқауда бақ сынап, өзінің жұмыстарын ұсынған Tashenev University Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы Мадина Байбекова 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың үздік педагогы» төсбелгісіне ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, осынау шараға қатысуға мүмкіндік жасаған университет ректоры Қанат Сейітжанұлына да Алғыс хат табыс етілді. 
Мадина Махмудханқызы марапатыңыз құтты болсын, биік белестерден көрініңіз!
 

Оқиға категориялары