Сәрсенбаев Орынтай Тәшкенбайұлы

Мен Сәрсенбаев Орынтай Тәшкенбайұлы 2000 жылдың 8 мамыр күні, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ. Үйленгенмін, қазіргі таңда бір балам бар. Әкем Сәрсенбаев Тәшкенбай Қасқабайұлы-зейнеткер. Анам- Сәрсенбаева Гүлшат Көбейқызы- мектепте мұғалім. Отбасында 1 қыз, 3 ұлмыз. Мен үйдің кенжесімін. Білімім- жоғары. 
2006 жылы Мақтаарал ауданы Қ. Сәтбаев жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2017 жылы мектепті өте жақсы нәтижемен тәмамдадым. 
2017 жылы Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университетіне "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығына түстім. 2021 жылы жоғары оқу орнын "үздік дипломмен" аяқтадым. 
Жоғары оқу орнына түсер кезде, түрлі пікірлер мен ұсыныстар болды. Мәселен, мегаполистердегі үлкен университеттерді таңда, онда білім бар, мұнда білім жоқ деген сияқты. Бірақ мен өзімнің туған жерімде орналасқан "Сырдария" университетін таңдадым. Өкінбеймін. 
Сондай оқу ордасынан білім алғаныма қуаныштымын. Айналамдағы қоғамға, достарыма университеттің ауданда орналасса да деңгейі жоғары екенін дәлелдей алдым. Жоғары оқу орнының басшыларын атап айтар болса, Есенкүл Сейілқызының қолдауымен оқу төлемақысына 50 пайыздық жеңілдікпен оқыдым. 
Қазіргі таңда, мектеп қабырғасында "дене шынықтыру" пәнінен сабақ беру жоспарымда бар.
 

Бітіру жылы

Оқиға категориялары