Джунисбекова Ақмарал

7СЫР Республикалық қоғамдық-саяси газет
№10 (300) 13.03.2015 жыл

Мен “Сырдария” университетіінін түлегімін

Image removed.Мен мектепте он бір жыл оқыдым және осы мерзім аралығында менің тұлғалық ерекшеліктерімді айқындаған көптеген мұғалімдер сабақ берді. Олардың әрқайсысы менің жүрегімде ерекше із қалдырып, менің болашақ өмірілік жолымды анақтауға жәрдем берді.

Қазіргі таңда көптеген мамандық түрлері бар және кез келген адамның алдында өз өмірін қандай кәсіп түрімен байланыстыру мәселесін шешуші күрделі таңдау түрады.

Көптеген мамандықтар ішінен педагог-психолог кәсібін таңдап, 2006 жылы «Сырдария» университеті «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түстім. Бүл менің педагогика ғылымындағы алғашқы қадамым еді.

Бірінші курсты аяқтаған соң жазда балабақшада танысу іс-тәжірибесінен өттік. Балалармен жұмыс тәжірибем азғантай болса да, олардың қызығушылықтарын оятып, еліктіріп, яғни бүлдіршіндер ұжымымен жұмыс жасай білдім. Бұл менің білім саласындағы екінші қадамым еді. Өзіме сенімді әрі сапалы болғанын сезіндім.

Университетте жүріп менің меңгергенім - бұл психологиялық дүниетаным мен ұстанымдарым. Жұмыста «ешкімге зиян тигізбе, нүқсан келтірме» деген ұстаныммен әрекет еттім, себебі маған әрбір оқушының жан дүниесі сеніп тапсырылған.

Бүгінгі күнде балалардың бойында агрессивтілік, мазасыздану және сенімсіздік сияқты көріністер белең алуда. Ата-аналардың отбасылық қаржылық жағдайларын жақсартуға талпынып, өз балаларына көңіл аударудың азаюынан балаларда қиындықтар туындайды. Жете назар аударылмаған балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық қорғаныс ретінде агрессия, түйықтық, қыңырлық, қорқыныш сияқты эмоционалды және мінез-құлықтық әрекеттерін қолданады.

Педагог-психолог маманы ретінде ең бастысы баланың қоршаған ортаға бейімделе білуіне және қоршаған ортамен жағымды қатынас жасай білуіне көмек беру қажет деп ойлаймын.

Өйткені, адамның бүкіл өмірі - бейімделуден түрады. Өмірге келген сәттен бастап көз жүмғанша заман мен қоғамда болып жатқан жағдайларға бейімделу үдерісінде боламыз. Біздің әрқайсысымыз әлеммен өзара қатынас жасай отырып, осы жағдайларда өзімізді қолайлы, жайлы сезінуіміз қажет. Сондықтан, жұмысымды жоспарлай отырып, өз алдыма келесідей міндеттерді қоямын:
- Білім беру мекемесінде оқушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;
- Білім беру мен тәрбие үдерісіндегі барлық адамдардың эмоционалды саулығын қамтамасыз ету;
- Бала дамуының заңдылықтары оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналардың, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін артыруға жағдай жасау.

Психолгиялық мәселелерді білім беру мекемелерінің жағдайында ғана немесе психологпен жұмыс барысында ғана шешу жеткіліксіз болып табылады.

Сондықтан, баланың мәселелі сәттерін жеңіп шығуына жәрдем беруде ата-аналардың психологпен өзара қарым- қатыныста болуы жақсы жаққа бұрылудың маңызды факторы болып табылады. Тек тиімді бірлескен жұмыс ғана оң нәтиже береді.

2010 жылы «Сырдария» университетін бітіргеннен бері Астана қаласындағы «Нұр-Орда» қазақ-түрік лицей кешенінде педагогикалық-психолгиялық қызметті жоғары дәрежеде атқарып келемін. Менің осындай білімді, білікті маман болып қалыптасуыма өздерінің сүбелі үлесін қосқан «Сырдария» университетінің ұжымына алғысымды білдіремін.

Мен таңдаған педагог-психолог мамандығы өмірде менің қызығушылықтарым мен армандарымды іске асыруға жәрдем берді, яғни адамдарға өмірлік мәселелерді шешуде көмек көрсетіп, оларға жылы сезімдер сыйлау арқылы өзімнің құндылығым мен қажеттілігімді сезіне аламын. Біздің балаларымыз өмірлік ситуациялардан қорықпай, батыл жеңіп өтіп, өзара түсіністік пен жетістікке талпынуы қажет. Осы қызмет жолында оңды нәтижелерге қол жеткізіп, барлығы жақсы болатынына сенімдімін. Себебі, мен балаларды жақсы көремін және солардың қызығушылықтарын, мәселелерімен өмір сүремін. Қорытындылай келе, психолог - бұл мамаңдық ғана емес, психолог бүл өмір стилі дегім келеді. Дәл осы сөздер «Педагог- психолог мамандығын не үшін таңдадым?» деген сұраққа жауап береді.

Ақмарал ДЖУНИСБЕКОВА.
«Нұр-Орда» қазақ-түрік лицей кешенінің педагог- психологы.

Бітіру жылы

Оқиға категориялары