Оқыту ісін оңтайландыруды ойласты

AIQYN

https://aikyn.kz/249411/ok-ytu-isin-on-taylandyrudy-oylasty

Болашақ педагогтерді даярлауда мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар, жекеменшік университеттер де оқу үдерісін заман ағымына сай жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілік танытып келеді.

Қоғам қайраткері, біртуар тұлға Жұмабек Тәшеновтің есімін иеленген Tashenev University-ді де осы қатарға жатқызуға болады. Оқу орнында жуырда Педагогикалық зерттеу институты құрылды. 
Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Сонымен қатар практиканың да алар үлесі қомақты. Осынау үш мәселе біріккенде ғана осы саладағы мәселенің түйінін тарқатудың нақты, жүйелі шешімі табылады. Алайда бізде негізінен әдіснама мен теорияны ғана алғы шепке шығарып, практика тасада қалып жатады. Шындап келгенде мәселенің нақты шешімі практика кезінде тереңінен көрінеді. Университетте құрылып отырған Педагогикалық зерттеу институтының да негізгі мақсаты – осы. 
Қоғамда ерекше балалар мәселесінің маңыздылығы арта түсті. Үкімет тарапынан да бұл мәселеге жіті көңіл бөлінген. Институттың алғашқы қанатқақты отырысы да осы тақырып төңірегінде өрбіді. «Инклюзивті білім беру: мазмұны және практикасы» тақырыбында өткен жиынға Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы осы тақырыпты зерттейтін ғалымдар мен практик-мамандар, педагогтер жиналды. 
Кездесуде алғашқы сөзді алған Tashenev University президенті Серік Оңалбайұлы құрылып отырған Педагогикалық зерттеу институтының маңыздылығына тоқталды. «Біз педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіріп, оның одан әрі дамуына атсалысуды көздеп отырмыз. Педагогиканың өзінің бірнеше тармағы бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруді көздейтін осы саланың ғалымдары мен мамандары бас қосатын жиында таңдалған тақырып түбегейлі зерттеліп, оның түйіткілді мәселелерін көру арқылы нақты шаралар қолданатын боламыз. Біліктілікті арттыру институттары бар, бірақ педагогика ғылымын зерттейтіндер жоқтың қасы. Бұл саланы маңызды екенін бәріміз де білеміз, бірақ оны шешуге келгенде нақты жүйе байқалмайды. Практиктер мен теоретиктер екі бөлек әлем. Біз осынау мәселелерді шешуге нақты үлес қоса алатындардың барлығын бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Бұл өскелең ұрпақ үшін пайдалы орталық боларына сенім мол», – деп атап өтті ол. 
Жиынға қатысқан «Асыл бала» республикалық қауымдастығының, оңалту орталығы және Шымкент қаласы Білім басқармасының көмекші мектеп-интернатының директорлары мен әлеуметтік педагогтер, Tashenev University оқытушы-профессорлар құрамы инклюзивті білім беру туралы ғылыми зерттеулерді талдап, оқыту барысын саралап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. 
ОҚМПУ Педагогика кафедрасының меңгерушісі, PhD Алия Оралбекова өзінің баяндамасында инклюзивті білім бе ру жа ғда йында  балала рды ме кте пке  бе йімде у, оқу мате риа лда рына  сәйке с компьюте рлік білім бе ру ба ғда рла ма ла рын қолда ну, ол үшін тиімді мультимедиялық құралдарды ұсынуға болатыны жөнінде атап өтті. 
Баяндамадан соң осы сала бойынша балалармен жұмыс істеп жүрген мамандар, зерттеушілер сөз алып, инклюзивті білім берудің мәселелерін, қиындықтарын инновациялық әзірлемелерді сөз етті. Бір-бірімен қызу пікір алмасты. Әсіресе, практик мамандар зерттеушілерге инклюзивті білім беруді тереңірек тану үшін балалармен 2-3 күн жұ¬мыс істеп көру керек екенін ұсынды. Сонда ғана баланың неге мұқтаж екені, нені тереңірек қолға алу қажеттігі білінеді. Одан бөлек, қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қол¬дау көрсету енгізу арқылы инклюзивті білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың оң үрдістерін жеткізді. Заң шығарушы органдар мен биліктің бұл салаға назарын аудару қажеттігі де сөз болды. Қатысушылар құрылып отырған инстиуттың келер ұрпаққа пайдасы мол болатынын айтты. 
Форум қортындысы аясында резолюция жасалып, онда бірқатар ұсыныстар енгізілді. Инклюзивті білім беру бойынша әлеуметтік шаралар өткізу, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын оқыту мақсатында андрагогика мектебін құру, тақырып аясында панельдік сессия өткізу, Ташкент мем¬ле¬кеттік университетімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу, Tashenev University студенттері мен оқытушылары үшін инклюзивті білім беру орталықтарында тәжірибе мен бі-ліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, инклюзивті білім беруді кеңінен насихаттау шаралары қолға алынатын болды. 
Университет ұжымы форум аясында аясында барша оқытушылар мен білім беру орталықтарына, студенттерге, ата-аналарға үн¬деу жариялады. Барлық адамдарға де¬ген теңдік қатынасты қамтамасыз етуді, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығаруды мақсат еткен үндеуде арнайы топтағы балалармен олардың ата-аналарымен бірлескен іс-шараларды жиі ұйымдастыру жайы айтылған. 
Сонымен қатар жиын қорытындысы аясында әлі де жұмыстар жалғасын тауып келеді. Жуырда Business Kids Халықаралық балалар академиясы Қарағанды облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін оңтүстік өлкемізге алып келіп, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының жұмысымен таныстырған болатын. Сапар аясында ака¬демия жетекшілері мен балалар Тәшенев университетіне келіп, оқу тыныс-тіршілігімен, білім беру процесімен және оқу базасымен танысты. Делегацияны университет¬тің ғылыми және зерттеу жөніндегі проректоры Шолпан Арзымбетова қарсы алып, оқу орнының құрылу тарихы, білім беру бағдарламалары, оқытушы-профессорлар құрамы жө¬нінде кең мағлұмат берді. Меймандар оқу орнының педагогикалық әлеуетін, материалдық-техникалық базасын жоғары бағалап, мұнда инклюзивті білім алуға мүмкіндіктері қарастырылғанын көрді.
Бұл педагогикалық зерттеу институтының алғашқы отырысының нәтижелері. Бұдан кейін аталған институт отырыстарында педагогика ғылымының тармақтары аясында жиындар ұйымдастырылады. 


Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 

Теги:

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары