Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада 2025

Сілтеме: https://www.amlacademy.kz/olympiad

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Тұран» университеті, 2025 жылғы Қаржы қауіпсіздігі бойынша ұлттық олимпиада өткізеді.
Олимпиада жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздіктің заманауи трендтерін көрсетуге, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруды үйретуге арналған.
Олимпиадаға құқықтану, экономика, халықаралық қатынастар, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 2-3 курс студенттері мен ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-курс магистранттары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысудан бұрын қатысушылар міндетті түрде өту қажет Тіркелу.

Олимпиада онлайн және оффлайн форматта қазақ, орыс тілдерінде (қатысушылардың қалауы бойынша) өткізіледі, қатысу тегін.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
1.Онлайн тестілеу;
2.20 финалисті іріктеу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттерінің алаңында офлайн форматта эссе жазу;
3.Астана қаласында фиджитал-спорт турнир және зияткерлік ойын 10 жеңімпазды финалдық іріктеу.
3-ші турыдың жеңімпаздары 2025 жылғы 30 қыркүйектен 4 қазан аралығында Ресей Федерациясы, Красноярск қаласында орыс тілінде өтетін Олимпиаданың соңғы кезеңінде өздерін көрсете алады.
 

Оқиға категориялары