Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

💾 АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

«Сырдария» университеті, 2021 жылдың 30-ші сәуір күні өтетін Ұлы ағартушы - ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ,орыс және ағылшын. 

Конференцияның мақсаты ұлы ағартушы - педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын білім алушылар мен педагогтардың арасында кеңінен насихаттауға, Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, қазіргі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып карастыруға бағытталған.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы және қызметі
- Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы
- Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы (Бір ел - бір кітап)

Конференцияға қатысу шарттары. Конференция материалдары ISBN индексін беру арқылы электронды түрінде жарияланады және көрсетілген электрондық мекенжайларға сәйкес авторларға жіберіледі. Жинақта жариялау тегін. 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің nauka.syrdariya@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция №, мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Иванов_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар) қабылданады. 


Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққаалуын сұраймыз. Көлемі 5 беттен аспайтын қолжазба мәтіні Microsoft Word редакциясында келесі талаптарға сай теріледі: Times New Roman қаріп өлшемі – 14 кегль, жаңа жол бойынша шегініс-1 см; Жоларалық қашықтық – 1; Өріс: сол жағы – 2,5 см, қалғандары – 2,0 см. Бет нөмірі көрсетілмейді; сілтеме тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі ([1, 256 б.]). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Сонымен қатар мақала қазақ тілінде жазылса, аннотация орыс және ағылшын тілдерінде, ал мақала орыс тілінде жазылса қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде жазылса қазақ және орыс тілдерінде жазылуы шарт.

Баяндама мәтіні авторлық басылымда басылып шығады. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдардың мазмұнына грамматикалық және стилистикалық қателіктеріне жауапкершілік алмайды.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін (2021 жылы 30 сәуір) жіберілген мақалаларды қабылдамауға құқылы. 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: 160500, Қазақстан Республикасы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 11-үй, «Сырдария» университетінің «А» оқу ғимараты, 3-кабинет. 

Анықтама телефондары: 
+7 777 809 30 73 - «Білім беру технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Қоқымбаева Торғай Егенқызы;

+7 702 475 58 42 - «Білім беру технологиялары» кафедрасының доценті  Исаева Кулайна Алиқұлқызы;

8 (72534) 6-26-93,   +7 702 992 15 52 - Ғылыми зерттеу және коммерцияландыру бөлімі Шыналиева Жибек