Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 1 view
2020 жылдың 19 қараша күні «Сырдария» университетінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында пікір алмасу алаңы өткізілді.
Пікір алмасу алаңының мақсаты: Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейту және оның алдын-алу тетігін қалыптастыру. Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
Іс-шараға Жетісай ауданы сотының төрағасы Шындалиев Арман Жабайұлы, Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Әлжанов Мұхтар Сауытұлы қатысты.
Шындалиев А.Ж. өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жүйелеудің негізгі бағыттары туралы айтты. Аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан сот процестері мен сыбайлас жемқорлықты жоюдағы соттың рөлі жөнінде ақпарат берді.
Әлжанов М.С. баяндамасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі мәселелеріне арналды. Жетісай ауданында прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және олардың алдын алу мен жою бойынша жоспарланған шаралар туралы айтты.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күштерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаны жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мәселелерін талқылады.
«Сырдария» университетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттері ZOOM онлайн платформасы арқылы қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет