Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-тренинг

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші курс студенттері арасында семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлық жайындағы білімдерін тереңдету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әреттер амалдарын қолдануды меңгеру болды.

Аптаның үздік оқытушысы

Бишанов Мақсат Болысбайұлы
Шебер суретші, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі
«Сырдария» университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының түлегі.
«Түсіндірме сөздік», «Пластикалық анатомия», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» оқулығы мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
«Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері.
Бейнеролик: https://youtu.be/G-_i9DVbQ0Y
 

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін үздік дипломмен бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында Басқарма прокуроры болып жұмыс істеген. 
Ғылыми-педагогикалық қызметін Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің «Азаматтық құқық» кафедрасында аға оқытушы лауазымында бастап, кейін аталған кафедраның меңгерушісі болып қызмет атқарды. 

"Девиантты мінез-құлық және оның көрініс беру себептері" атты тәжірибелік семинар

Девиантты мінез-құлықтың «болашақтың үрейіне» айналғандығы ересектерге де, балаларға да, тіпті жалпы қоғамға да белгілі.

Қазіргі таңда тұлғаның ролі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды.

Семинар барысында девиантты мінез-құлыққа сипаттамалар беріледі.

Жасөспірімдердің ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері қаралып, олармен жұмыс істеу стратегиялары талданды.
 

Психологиялық тренинг: МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОРТАМ

Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіру, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және “Мен” концепциясын қалыптастыру.
 

Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- топтағы өз орнын, өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- топта белсенді жұмыс жасауға ынталандыру.
 

Баспасөз конференция

2021 жылдың 18 ақпан күні «Сырдария» университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
Мақсаты - университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.

SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 4 команда қатысты. Білім алушылар “Бұл үй, технологиялық прогресс біздің өмірімізді нашарлатты деп есептейді” тақырыбында пікір таластырды. 
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты. 

Өмірдастан жыр кітабы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай атты әдеби кеш болып өтті.
Тақырыбы: «Өмірдастан жыр кітабы»
Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасалынып, өлеңдері оқылды. «Сырдария» университетінің  студенттері ақынның өлеңдерінен оқырмандарға жыр шашуларын ұсынды.
 

Талапкерге 5 кеңес

SU студенттері мен оқытушылары бірнеше жылдар бойы мектеп түлектерімен жүйелі кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп келеді.
Бұл талапкерлерге қандай мамандыққа түсетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Ашық есік күндері, әр түрлі конкурстар, олимпиадалар мен шеберлік-сыныптар өткізіледі.
Осының барлығы жоғары оқу орны мен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпараттың таралуына ықпал етіп, оқушыларға қазіргі мамандықтар әлемінде дұрыс және уақтылы бағдарлануға көмектеседі.

"РОБОТОТЕХНИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ" экскурсиясы

Ашық есік күні - іс-шарасының басты мақсаты - мектеп бітіруші түлектері мен ата-аналарын университет тынысымен таныстырып, артықшылықтарын көрсету.
Экскурсия барысында Жетісай ауданының мектеп түлектері, "Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының ғылым магистрі Тастеков Нұрбек Қалдарбекұлы «Робототехника» шеберлік сыныбынан қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен таныстырды. 
LEGO MINDSTORMS Education EV3 конструкторлар бойынша білімдерін жетілдірді. 
Оқушылар экскурсия барысында:

Оқиға категориялары