Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

2019 жылдың 1 қарашасы күні "Сырдария" университетінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, фольклоршы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 178 жыл толуына орай "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты әдеби-танымдық, тағылымдық кеш өтті.

Аталған шараның мақсаты – Ы.Алтынсарин шығармашылығын насихаттау арқылы жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.

Университеттің "Филология және гуманитарлық білім" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен әдеби-танымдық кеш ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дерек беретін бейнебаяннан бастау алды. Кеште ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп орындауда студенттер өз шеберліктерін көрсете білді. Кеш барысында ақынның оқу-білімге шақырған өлеңдері оқылып, жастарға тәлім беретін нақыл сөздері айтылып, "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесіне негізделген сахналық көрініс көрсетілді. Студенттер кеш соңында қазақтың халық әні "Балапан қазды" нақышына келтіріп шырқады.

"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді" демекші, артында мол ғылыми еңбегі мен өшпес ізі қалған Ы.Алтынсарин аты мәңгілік ұмытылмақ емес.