«Бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасында дипломдық жобаларды қорғау

Бәрімізге белгілі, көктемде COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қазақстандық ЖОО жаппай қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Мұғалімдер мен студенттер оқу жылын қашықтан оқып, көпшілігі жаңа оқу жылын да осы форматта жалғастырып жатыр. Бірақ еріксіз міндеттелген қашықтан оқыту форматы туралы негізсіз пікірлер қалыптасып, түрлі қиындықтар туындады. Қашықтан оқыту жүйесінің жұмысы қалай жүреді және оны кімдер ұйымдастырады? Контент пен оқыту әдістемесінің қандай түрлері қолданылады? Кибер-бұзақылардың шабуылдарынан қорғанудың жолдары қандай? Көпшіліктің көкейінде осындай өзекті сұрақтар туындады.

Zoom – бұл бейне-конференциялар, вебинарлар және басқа да осыған ұқсас онлайн іс-шаралар өткізуге арналған платформа. Кездесуді тіркеулік жазба құрған кез келген адам ұйымдастыра алады. Тегін тіркеулік жазба ұзақтығы 40 минут болатын бейнеконференция өткізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама жеке және топтық сабақтар үшін жақсы келеді, оқушылар әртүрлі құрылғылардан – компьютерден, планшеттен, телефоннан кіре алады.

Бейнеконференцияға сілтемесі немесе конференция идентификаторы бар кез келген адам қосыла алады. Ісшараны алдын ала жоспарлауға болады, сонымен қатар қайталанатын сілтеме жасауға да болады, яғни тұрақты түрде өткізілетін сабақ үшін белгілі бір уақытта кіруге арналған бір сілтеме жасап қоюға болады.
«Сырдария» университеті «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы бітіруші түлектердің диплом жұмыс жобаларын қорғау Zoom платформасында өткізілді.

Диплом қорғау барысында ешбір қйыншылықтар туындамай барлығы жоғары деңгейде жүргізілді.
 

Теги: