«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ

«Сырдария» университетінің «Экономика және заңтану» факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты Ынтымақов Советжан Арғынбайұлының «Сырдария» университеті жайлы жариялынымын ұсынамыз.

Бүгінде «Сырдария» университеті өзінің даму стратегиясында өзін әлеуметтік жауапты жоғары оқу орны ретінде айқындап отыр.

«Сырдария» университеті өзі орналасқан Жетісай өңірдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға зор ықпал етіп отырған бірден бір жоғары оқу орны болып табылады.

«Сырдария» университеті жергілікті халықты жұмыспен қамту сияқты маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруда, сонымен бірге университет жергілікті атқару органдарымен әріптестік жасаса отырып, Жетісай қаласының көркейюіне, оның экономикалық тұрғыдан жедел қарқынмен дамуына, жалпы осы өңірдегі саяси және әлеуметтік тәуекелдерді тұрақтандыруға ерекше оң ықпал етіп келеді. Мәселен, бүгінде «Сырдария» университеті Жетісай қаласының ең ірі жұмыс берушілерінің және де ең ірі салық төлеушілерінің бірі болып табылады. Бұл жағдай әрине, жергілікті және республикалық бюджет үшін аса маңызды болып табылатындығы сөзсіз. Сонымен қатар, «Сырдария» университеті әлеуметтік маңызды сипатқа ие әртүрлі инфроқұрылымдарды салып, оларды іске қосты және де болашақта салынатын өзге де ірі әлеуметтік жобаларды жергілікті атқару органдарымен әріптестік жасаса отырып жүзеге асыруға белсенді қатысып отыр.

Нарықтың қатаң талаптарына қарамастан, «Сырдария» университеті, осылайша, өзін әлеуметтік жауапты жоғары оқу орыны ретінде танытып отыр.
 

Теги: