Университетішілік маңызды мәселелер қаралды
- 1 view
Tashenev University педагогика және жаратылыстану факультетінде арнайы мәжіліс өтті. Жұмыс жиыны университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсынның төрағалығымен өтіп, онда білім, тәрбие жұмыстарына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиынға факультет деканы, кафедра меңгерушілері, топ басшылары, аға тәлімгерлер мен пән оқытушылары қатысты. Мәжіліс барысында студенттер арасындағы өзін-өзі басқару құрылымдық жүйелері – тәрбие мен білім беру ісін тиімді ұйымдастырудың тетігі екені айтылып, оқу орнымызға жаңадан қабылданған бірінші курс студенттерін топтарға бөлу жұмыстарының атқарылу барысы сараланды. Белсенді студенттер ішінен топ басшыларын бекітіп, университетішілік ұйымдастыру жұмыстарына тарту басымдықтары белгіленді.
Тәжірибелі оқытушылар санатынан студенттік топтарға тәлімгерлерді тағайындау бастамасы білім алушылардың сабаққа қатысуын белсенді қадағалауға жәрдемші болатыны түсіндірілді. Сондай-ақ білім алушылар топтарын басқарудың мұндай нысандары студенттер арасындағы өзекті мәселелерді айқындауға, жатақханаға қатысты мәселелерді белгілеп шешуге оң ықпал ететіні сөз болды.
Жиын барысында бірінші курс студенттері мен университетке басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді. Университеттің тәрбие жұмыстарына қатысты жоспарын талқылау барысында университетішілік «Үздік тәлімгер» конкурсы өтетіні хабарланып, жоғары оқу орнының құрылғанына 25 жыл толуына орай арнайы іс-шаралар жоспары қабылданатыны мәлімделді. Жиынға қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша қосымша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет