Талапкерлер назарына: оқу орнын таңдауды соңғы сәтке қалдырмаңыз!!!
- 1 view
Мектепті бітіргеннен кейін кешегі мектеп түлегі – «қайда барып оқу керек» деген маңызды шешім қабылдауы керек. Мұндай шешім мен таңдау ең алдымен әрбір талапкердің өзіндік ұмтылысы мен жеке басының дара қасиеттеріне, алдына қойған мақсат-мұраттарына тікелей байланысты болатыны белгілі.
Жоғары білім алу – мектепті енді бітірген әрбір жеткіншек үшін оның өмірін елеулі сипатта өзгертетін, саналы әрі жауапты қадам. Сондықтан да жоғары білім алу мақсатында жоғары оқу орынын таңдау туралы шешім әрбір талапкердің жеке таңдауы болуы тиіс.
Жоғары білім - мектеп бітірген кез-келген жас жеткіншекті кәсіби маман ете алатын керемет мүмкіндік.
Құрметті жас достар, талапкерлер! Жоғары білім алу маңызды! Жоғары білім алу барысында және жоғары білім алу нәтижесінде сіздер келесідей артықшылықтарға ие боласыздар:
1) Нақты бір мамандықтың иесі боласыз, яғни, белгілі бір сала бойынша терең білім алып шығасыз. Жоғары білім алу барысында осы таңдаған мамандық шеңберінде, яғни мақсатты бағытта адам дамиды. Әрине, кез-келген ізденіс, кез-келген даму адамның ақыл-ойын жетілдіретін оң сипатты фактор болып табылады.
2) Жоғары білімі бар адам жұмыс іздеу барысында артықшылықтарға ие болады. Себебі, жоғары білімі бар мамандар жұмыс берушінің көз алдында әрине, әлдеқайда тартымды болары сөзсіз. Жоғары білімнің сондай-ақ заңды аспектісіде бар. Мысалы, университеттік білім болмаса, дәрігер, мұғалім, құрылыс-инженері, адвокат т.б. болу мүлдем мүмкін емес.
3) Жоғары білім алған адам мансаптық өсу мүмкіндігіне ие болады. Көптеген кәсіпорындар мен мекемелерде, өзге де коммерциялық ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында әдетте, мансаптық өсудің негізгі шарты - ол жоғары білімнің болуы. Мәселен, жоғары білімсіз жетекші лауазымға ие бола алмайсыз.
4) Жоғары білім алу барысында студент аса көлемді ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді. Яғни, университетте оқу студенттердің ақпараттармен жұмыс істеу қабілетін арттырып, пайдалы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, мысалы деректерді сауатты жинау, өңдеу және жүйелеу т.с.с.
5) Жоғары оқу орнына түскен студентте дербестік және жауапкершілік сияқты жаңа адами құнды қасиеттер пайда болады. Университет - бұл ересек өмірге алғашқы қадам, демек, мұнда ешкім сізді жетелеп, мәселелеріңізді шешпейді. Сіз өзіңіз дербес шешім қабылдауды үйренесіз және өзіңіздің әрекеттеріңіз үшін жауап беруге дағдыланасыз.
6) Университет студенті өз уақытын ұқыпты жоспарлап, оны ұтымды ұйымдастыруды үйренеді. Барлығына үлгеру үшін студент уақытты дұрыс жоспарлауды және тапсырмаларды басымдылығына қарай дұрыс айқындауды үйренуге мәжбүр болады. Ал мұндай дағды, әрине, күнделікті өмірде де өте пайдалы. Мәселен, университетте оқып жүрген студент өзін жұмыс істеп жүрген адам сияқты сезінетін болады немесе соған жақын кесте бойынша өмір сүре бастайды.
Құрметті жас достар, талапкерлер! Жоғары оқу орынын таңдау кезінде мына маңызды өлшемдерге аса мән берген жөн:
1. Сіз таңдаған университет өзіңіз тұрақты тұратын елді мекеннен тым қашықта болмауы аса маңызды! Сондықтан да университет пен тұрғылықты жер арасындағы қашықтықты бағалаңыздар.
2. Университетте сіздерді қызықтыратын білім бағдарламасының болуы. Ал егер сіз әлі білім бағыты туралы шешім қабылдамаған болсаңыз онда көп салалы университетті таңдаңыз.
3. Жоғары оқу орынының лицензиясының болуын және оның аккредиттеуден өткендігін міндетті түрде анықтап алған жөн.
4. Сіз таңдаған университетте оқу құнының қол жетімді болуы аса маңызды. Бюджетке түсу әрдайым мүмкін емес, сондықтан ақылы бөлімде оқу үшін төлем мөлшерін алдын-ала біліп алған дұрыс.
Оқу құнының қол жетімді болуы сіздің отбасыңыздың бюджетіне және ата-аналарыңыздың материалдық жағдайына салмақ салмайды.
Мынаны естеріңізде ұстаңыздар! Өзіңіз үшін және ата-аналарыңызға «тым қымбатқа түскен» танымал университеттің дипломы қалтаңда болғанмен, білім бәрібір - мида!
5. Жатақхананың болуы - бұл маңызды критерийлердің бірі. Университеттің жатақханамен қамтамасыз ете алатындығын және жатақханада тұрудың шарттары қандай екенін анықтаңыз.
6. Әлеуметтік желілерден өзіңіз таңдаған университеттің және онда оқитын студенттерінің тыныс-тіршілігі жайлы ақпараттарды іздеп тауып, олармен жете танысып алғаныңыз дұрыс. Одан сіздер маңызды және объективті көп мәліметтер алуларыңызға болады.
7. Сіз таңдаған университеттің қай уақыттардан бері жұмыс істеп келе жатқанын анықтап алған маңызды. Мәселен, ұзақ жылдық тарихы жоқ, таяуда ғана ашылған университеттердің әдетте, қызметі күдікті, болашағы бұлыңғыр болып келеді. Мұндай университеттерді таңдамаған дұрыс.
8. Профессор-оқытушылар құрамы. Университетте ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарының, PhD сабақ бергені өте жақсы көрсеткіштің белгісі.
9. Сондай-ақ сіз таңдаған университетте магистрлік бағдарламалардың болуы да маңызды. Себебі, бакалавр бағдарламасын игергеннен кейін магистратура - одан әрі қарай ізденуге, өсуге не болмаса ғылымға бет бұруға зор мүмкіндік береді.
Әрине, университетті таңдау өлшемдерінің тізімі тек осылармен ғана шектеліп қалмайды, ол- өте көп. Мен олардың тек аса маңыздыларына ғана тоқталып өттім.
Құрметті жас достар, талапкерлер! «Syrdariya University» осы жоғарыда келтірілген барлық талаптарға және де сіздердің арман-мұраттарыңызға, жарқын болашақтарыңыздың мүддесіне сай келеді деп сеніммен айта аламын!
Сондықтан оқу орнын іздеуді соңғы сәтке қалдырмаңыздар!
Әркез абыройлы болып саналатын, әрі аса сұранысқа ие мамандық иесі, яғни, заңгер, қаржы маманы, есеп және аудит маманы болғыңыз келсе «Syrdariya University» «Экономика және заңтану» факультетіне оқуға келіңіздер!
Біздің факультетте төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып шығуға болады:
- 6В04101 –«Құқықтану»
- 6В04102 –«Қаржы»
- 6В04101 – «Есеп және аудит»
- 7М04101-«Экономика»(магистратура)
Құрметті жас достар, талапкерлер ! «Экономика және заңтану» факультеті Сіздерді асыға күтеді!
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет