ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Ж.Тәшенев университетінің атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарын талқыға салатын маңызды мәжілістердің бірі - Ғылыми Кеңес. Ғылыми кеңеске университеттің басшылығы мен сала басшылары және жастар мүшелік етеді. Бұл жолғы кезекті мәжілістің ең үлкен ерекшелігі – Кеңес мүшелерінің алғаш рет жаңа ғимарат - Мархабат Байғұт есімі берілген студенттер орталығында бас қосуы болды. 
Бас қосуда Білім беру бағдарламалары пәндерін кітапхана қорының оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейі туралы, Қабылдау комиссиясының 2024-2025 оқу жылына жүргізілген жұмыстарының есебі, 2024-2025 оқу жылында Кәсіби бағдар жұмыстарының жоспарын жузеге асыру, Оқытушы-профессорлар құрамының рейтинг нәтижесі және Интегралды GPA енгізу: білім алушылардың академиялық, ғылыми-зерттеу жене әлеуметтік құзыреттіліктерін бағалаудың жалпы механизмі туралы баяндамалар тыңдалып, талқылаулар болды. 
Университеттің Қабылдау комиссиясы биылғы жылдың нәтижесі бойынша 1281 талапкер қабылдап, оның 845 талапкері толық оқу бөліміне, 207 күндізгі қысқартылған бөліміне, 229 күндізгі жеделдетілген оқу бөліміне, шартты түрде 71 талапкер қабылдап, жоғары көрсеткішке жеткен. Оның ішінде үздік аттестат – 50, Алтын белгі – 20, Халықаралық, Республикалық олимпиада жетістіктері бар студен – 14, Елбасы медалының иегерлері -4.
Алдағы уақытта да жұмыс қарқындылығын күшейтіп, аудан-қаладағы жастармен етене жұмыс жасау жоспарлануда.
 

Оқиға категориялары