Сырдария университеті Жұмабек Ташенов атындағы университет болып өзгерді

Сырдария Университеті Жұмабек Тәшенов университеті болып өзгеріп, Шымкент қаласына қоныс аударды. Оқу орнының Жетісайдағы ғимаратында ғылыми жұмыстар жанданады. Болашақта үшінші мегаполисте 15 гектар аумаққа университет ғимаратын салу жобаланып отыр. Бұл туралы университет ректоры Қанат Байболов мәлім етті. (Толығырақ"Өзге пікір" газетінен оқуға болады)

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласында ашылған "Сырдария" университет! еліміздің оңтүстік қиырындағы шалғай аудан жастарын жоғары білім алуға тарту. оларды рухани бай, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен ашылған білім ордасы болатын. 23 жылдан бері аталмыш оқу орны тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды.
Осыған байланысты үкімет және Ғылым және білім министрлігінің тарапына бұл университетті Шымкентке көшіру туралы ұсыныс түсті.
Университетке жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері. Жұмабек Ташеновтің атын беру ұсынылды. Үсыныс бірауыздан қабылданды
Енді үшінші мегаполистің төрінде Ж. Ташенов атындағы университет 2022-2023 жаңа оқу жылын бастамақ.
Айта кету керек, Жұмабек Ташенов - Қазақстанның Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Ақмола секілді бес облысын Ресейге беруге қарсы шыққан және мақта егетін аудандарды - Өзбекстанға, Маңғыстау түбегін - Түркіменстанға беру туралы шешімге тойтарыс беріп, осылайшы қазақ жерінің тұтастығының сақталуына орасан зор ықпал еткен тұлға. Ал осындай алып тулғаның атындағы университет атану оқу ордасы үшін өте үлкен мәртебе
Енді Жаңа Қазақстанда қазақ елінің бір туар тұлғасының атына ие болған жаңа университет биылғы жаңа оқу жылын алдына үлкен міндеттерді жүктеп. бастағалы отыр.
Университет 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыра отырып аимақтың дамуына елеулі үлес қосатын заманауи талаптарға сәйкес келетін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын білім ордасына айналу - басты міндеттердің бірі. Ол үшін бұл бағытта - білім беру бағдарламаларын еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып жаңарту басты талап және оны жүзеге асыруда барлық жағдайлар қарастырылуда.
Бүгінгі таңда университетте бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31 мамандар. магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандыққа білім беру қызметі құқығына лицензиялар бар,
Қазіргі кезде бұрынғыдай гуманитарлық мамандықтар мен қатар техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін өмір көрсетіп отыр Әсіресе инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру заман талабы.
Осы бағытта Жұмабек Ташенов атындағы университет техникалық ауылшаруашылық, қызмет, Ветеринария бағыты бойынша Білім бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарын ескеріле отырып даярлады.