Ашық дәріс
- 1 view
Tashenev University Филология факультетінде 2023 жылдың 23 қараша күні «Тілдер және әдебиет» кафедрасының доценті, п.ғ.к. С.Т.Мусаева 6В03201- «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс ФИ-22-4к оқу тобында «Библиографиятану» пәнінен «Библиографиятану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны» тақырыбында ашық дәрісін өткізді. Ашық дәріске факультет деканы А.А.Мамытов, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-әдістемелік бөлімінің өкілдері қатысты. Білім беру бағдарламасының студенттері сабақ барысында өздерінің библиографиялық қабілеттерін шебер көрсетіп, жоғары бағаға ие болды. 2 курс студенттері үшін қажетті білім мен көрнекіліктің заманауи үлгісін қолданатын дәріс болды.
Кафедрада осындай ашық дәрістер мен сабақтарға қатысу арқылы оқытушы-профессорлар құрамы бір-бірімен шеберліктерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктері бар. Библиографиятану саласының зерттеу жұмыстары туралы түсініктеме берілді. Бір сөзбен айтқанда, сабақ жоғары деңгейде өтті.