«Сырдария» университеті студенттерге грант тағайындады

22 жылдан бері жоғары білім саласында үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан іргелі оқу ордасы студенттерге жоғары білім беріп, көптеген салаларда сапалы мамандар даярлауды жолға қойған.

«Сырдария» университеті студенттері мен қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі үнемі университет басшыларының тікелей қадағалауында болады. «Университетке ақылы негізінде қабылданған студенттерге оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер туралы ережесіне» сәйкес ақылы бөлімде оқып жүрген студенттер үшін біршама қаржылай жеңілдіктер қарастырылған.

Білім беру бағдарламасының бейінді пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының (ҒЗЖ) облыстық, республикалық турларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, жоғары спорттық жетістіктері бар студенттерге 15%, 20%, 50%, 100 %-ға дейін оқу төлемақысынан жеңілдіктер беріледі.

Соның бір жарқын дәлелі 2020-2021 оқу жылында ҰБТ нәтижесі бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған 4 студентке «Сырдария» университеті Ғылыми кеңес шешімі (28 тамыз 2020 жылғы №1 хаттама) негізінде университет гранты тағайындалды. Олар :
1.    Қасымбек Нұржігіт Жанмухамедұлы - Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебінің түлегі.
2.    Тугалова Сарвиноз Тугалбайовна - №44 "Жаңа дала" жалпы орта мектебінің түлегі.
3.    Мейрбек Дана Мырзабайқызы - Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының түлегі.
4.    Тұрсын Көбей Жайнарбекұлы - С. Торайғыров атындағы №30 жалпы орта мектебінің түлегі. 

«Сырдария» университетінің гранты иегерлерін құттықтаймыз!