БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ БАСҚОСУ

Университетте ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығы өкілдерімен ынтымақтастық басқосуы болып өтті. 
Оған ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Түркістан ӨЭМҚБ төрағасы Б.Нишанқұлов, Шымкент қалалық ӨЭМБ төрағасы Т.Нишанбаев пен «Дустлик» қауымдастығы Ақсақалдар кеңесі төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан да арнайы қонақтар келді. 
Tashenev University Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Шахло Наралиеваның ұйымдастыруымен өткен басқосуда ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығы өкілдерімен ынтымақтастық меморандумы түзілді. Меморандум аясында көпұлтты елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығын нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу, мемлекеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында түрлі шараларды жоспарлау жүзеге асты. Бұдан бөлек, университетпен ынтымақтастық меморандумына қол қойғандардың арасында Шымкент қаласының үздік білім мекемелерінен бірі – Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі мен Кентау қаласындағы М.Қашғари атындағы мектеп-лицейі де бар. Өңірімізде тапшы болып отырған «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына талапкерлерді тарту аясында да бірқатар келіссөздер жүргізілді.