«Анкара – Шымкент: Достастық диалогы»

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет пен Анкара университетінің (Түркия) профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор Севил Караманның студенттермен және магистранттар – филологтармен кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары өзгермелі әлем мәселелері, еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер және жаңа мамандықтарға сұраныс болды. Севил Алиева өмірде, оқуда және жұмыста жаңа дағдыларды меңгеру қажеттігін, сондай-ақ сапалы білім беру бағдарламаларына деген сұранысты атап өтті. Севил Караманның айтуынша, дәл осы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан мен Түркияның академиялық қоғамдастығында білім беру жүйесін трансформациялаудың ортақ көзқарасын дамыта алады. Филология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Севил-ханумға үлкен алғысын білдіреді және серіктес университетпен белсенді ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр!

Оқиға категориялары