Университетімізде Қонақ дәрісі ұйымдастырылды

«Сырдария» университетінде «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің Виртуалды кітапханасында онлайн форматта «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Оспан Еділбай Төлеубайұлы студенттеріміз бен магистранттарымызға «Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау» атты тақырыпта дәріс оқыды. 

Университетімізден «Филология» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы модератор ретінде жүргізіп отырды. Дәріс барысында лектор білімалушыларға жоғары оқу орнында ғылыми зерттеу жұмыстарын жазудың әдіс-тәсілдері жайлы құнды мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, Еділбай Төлеубайұлы университет оқытушылары мен білімалушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Дәріс соңында студенттер мен магистранттар өздерінің диплом, магистрлік диссертация жұмыстарын жазуда қажетті ақпараттар алғандықтарына ризашылықтарын білдірді.
 

Теги: