Ішкі және Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне «Шетел тілдері» кафедрасының «6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 3-курс ФИ-21-2р  тобының студенттері Турабекова Гулжайна Барисқызы, Нұрмаханова Айзере Ғабитқызы, «6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау», 3-курс ФИ-21-9к1 тобының студенттері Каримова Махсуда Рахманқызы, Муратова Севинч Шукуровна бір семестрге  Ургенч мемлекеттік университетімен түзілген үш жақты келісім шарттың негізінде оқу процесінің кестесіне сәйкес оқып келді.
Ж. А. Тәшенев атындағы университеті мен серіктес жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқу орынның профессор оқытушылары ф.ғ.к. Ботабаева Жанна Нуралиевна “ Сравнительная литературоведение” пәнінен  және ғ.м. аға оқытушы Серикбаева Шолпан Ергешова “Foreign Languages for special purposes” пәнінен Орталық Азия Инновациялық университетіне, п.ғ.м. аға оқытушы Исламова М.М. “Лексикология” пәнінен, ғ.м. аға оқытушы Ормаханова Г. С. “Кәсіби бағытталған шетел тілі” пәнінен, ғ.к. Юсупова Г.Т.  “Шетел тілін оқыту әдістемесін” пәнінен Ш. Рашидов атындағы Самарқанд Мемлекеттік университетіне, п.ғ.м. аға оқытушы Айдарбекова А.С. “История русской литературы ХІХ века” пәнінен, ғ.м. аға оқытушы Умаралиева М.А. Введение в языкознание” пәнінен Ж. Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен жасалынған келісім шарт негізінде білім беріп келді.