Инклюзивті білім беру моделі

03.06.2024-13.06.2024 күндер аралығында Түркістан каласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан "Инклюзивті білім беру моделі" такырыбында 72 сағаттық оқыту курсы ұйымдастырылған болатын. Осы курсқа Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің оқытушылары қатысты.  
Оқыту курсында инклюзивті білім беруге байланысты өзекті мәселелер көтерілді. Курсты Каподистрия атындағы Афина университетінің PhD докторы, постдокторант-зерттеуші Валия Калайци және арнайы білім беру саласында PhD Йоргос Гкогкос өткізді. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі өте құнды тақырыптар қарастырылды, атап айтқанда инклюзияның негізгі алғышарттары мен принциптері, кедергілерді жою, тең құқықты қамтамасыз ету, саралап оқыту, әмбебеп оқыту дизайны және т.б.. Курсқа ЖОО оқытушыларымен бірге мектеп мұғалімдері де қатысты. Өте маңызды тақырып болғаннан кейін қызу пікір-талас, дискуссия, пікір алмасу, түрлі жобаларды қорғау күнделікті орын алды.  Біз үшін жаңа тақырыптарды да меңгердік. Курс аяқталған күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері келіп, бізді құттықтап, инклюзия саласындағы өз ойларымен бөлісті. Жобаларымызды сәтті қорғап, сертификаттарымызды қолға алдық. Аса маңызды инклюзия саласында біліктілігімізді арттыру біз үшін өте маңызды еді, тілегіміз жүзеге асырылды. Университет басшылығына алғысымыз шексіз!