Құрметті магистратураға түсушілер!

Сіздерге 2024 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында www.app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 13 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
 Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!