Проректор студенттермен онлайн кездесті

Университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын тікелей эфирде студенттермен онлайн кездесті. 
Тікелей эфир барысында Ғалымжан Шәмшідінұлы университетіміздің қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтың есмімен аталуының өзі үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Білім алушыларға осынау тұлғаның есімін ардақтап, жоғары білім алып, елге қызмет ете беруін атап өтті. 
Одан соң, алдағы күндері Tashenev University қабырғасында өтетін шараларды, атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Белсенді жастарды қоғамдық жұмыстарға, мерекелік шараларға қызу атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, жастардың нашақорлықтан бойын алыс ұстауын, есіртікінің адам өміріне, отбасына тигізетін оразан зардабын түсіндірді. 
Тікелей эфирге қосылып отырған 100-ден аса студент өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, проректор тарапынан тұщымды жауаптар алды. Жастар өздерінің ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.