Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты

Бүгінгі бас қосқан іс-шарада "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Ұлтаралық татулық" және "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамның дамуына балта шабатын түйіткілдерді тарқатуға ауданнан келген Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы, Есенбеков Абай Пердешұлы, Қалабиев Қуаныш, Бейсенбаев Мұхтар Қасымханұлы, АІІБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Аубакирова Динара қатысты.

Күн тәртібінде талқыланған тақырыптар бойынша Құқ-15 тобының студенттері Патшабай Ұлжан, Еркінбекова Феруза, университеттің студенттік проректоры Бектеміс Мейірхан, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Сатуов Бекболат баяндама жасап, көзқарастарын білдірді.

Жиын барысында ұлтаралық татулықты, бейбіт өмірді сақтау, жасөспірімдер арасында орын алып жатқан құқықбұзушылыққа қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу проблемалары талқыланды.

Сөз соңында университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева талқыланып отырған бағытта оқу орнының жоспарлы түрдегі іс-шаралары өткізіліп тұратынын айтып, қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.