Теолог мамандармен кездесу
- 1 view
2025 жылғы 14 ақпанда сағат 09:30-да Ж.А.Тәшенев университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы «Есеп және аудит», «Экономика», «Қаржы», «IT менеджмент» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін «ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіру, діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырып жатқан дөңгелек үстелде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары шақыртуымызбен келді.
Дөңгелек үстел барысында теологтар ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен мақсаттарын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын талқылады. Сондай-ақ, студенттерге қазіргі қоғамдағы діннің рөлі мен дінге қатысты дұрыс ақпараттың маңыздылығы жөнінде кеңестер берілді.
Осы шараның негізгі мақсаты — студенттер арасында діни сауаттылықты арттыру, оларды қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, студенттер өздерінің көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет